СҚО зауытында вагондарды роботтар құрастырмақ

Поделиться:

СҚО әкімдігінің отырысында «ЗИКСТО» зауытының директоры Данис Арасланов зауыттың даму жоспарлары туралы айтып берді. «ЗИКСТО» платформалық вагондар, хопперлік вагондар және жолаушылар вагондарын өндірумен айналысады.

Зауытта 450 адам жұмыс істейді. 2024 жылы зауыт өнім көлемін 100 миллиард теңгеге жеткізіп, 28%-ға өсті. Биыл тапсырыстар портфелін ұлғайту жоспарлануда.

«Сонымен қатар, жолаушылар вагондарын және платформалық вагондарды өндіру үшін жаңа инвестициялық жоба іске асуда. Инвестиция көлемі 24 миллиард теңгені құрайды, жұмысшылардың саны 900 дейін жеткізілмек. Жылына 3 мың вагон құрастырылмақ. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, іске қосу биыл 4 тоқсанда жоспарлануда», — деді «ЗИКСТО» зауытының директоры Данис Арасланов.

Жаңа өндірістік корпусқа заманауи роботтандырылған техника орнатылады, бұл әртүрлі қозғалыс құрамының модельдеріне арналған тораптар мен құрамдас бөліктерді өндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпорын жартывагон, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған вагон-цистерна мен автотасымалдаушы вагондардың өндірісін игеруді жоспарлап отыр.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде вагон құрастыру кәсіпорнын дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар екенін атап өтіп, жобаның жүзеге асырылуы елдегі теміржол көлігін жаңартуда маңызды қадам болатынын айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также