Солтүстік Наурыз мейрамы тойланды

Поделиться:

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті. 10 күндік Наурызнаманың негізгі шарасы -облыс орталығындағы басты алаңда өтті.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов басты алаңда солтүстікқазақстандықтарды жыл басымен құттықтап, бақ-береке, молшылық пен бірлік тіледі. Ұлттық мереке тақырыптық киіз үйлермен безендірілді, онда тұрғындар мен қонақтар қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен таныса алды.

Өңір басшысы түрлі мерекелік алаңдарды және қолөнершілердің шығармашылығына, сондай-ақ Сәбит Мұканов, Шоқан Уәлиханов және Смағұл Сәдуақасов сынды танымал тұлғалардың мерейтойларына арналған киіз үйлерді аралады. «Көшпенділер әлемі» этноауылында көшпелі халықтың мәдениеті мен тұрмысы таныстырылды. Балалар үшін интерактивті алаң мен ұлттық ойындарға арналған спорттық алаң ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік стеласының маңындағы киіз үй облыс колледждеріне арналып, олар өз жетістіктері мен технологияларын, сондай-ақ «Еңбек мамандықтары жылы» аясында білікті мамандарды даярлау туралы айтты.

Сонымен қатар, Конституция көшесінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қызылжар» креативті индустрия орталығы өз шығармашылығын көрсетті.

«Наурыз мейрамы мыңдаған солтүстікқазақстандықтарды біріктіріп, достық пен бірліктің символына айналды. Мереке құтты болсын!», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также