СҚО әкімі Хорватия елшісімен кездесті

Поделиться:

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабановичпен жүздесті. Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Биыл Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптестік дамудың жаңа деңгейіне шықты.

Жыл басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салаларында байланыс орнатылмақ.

— Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдім. Елші мырза да біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также