СҚО-да полицейлер жыл басынан бері 84 тіркелмеген қаруды тәркіледі

2024-10-10 05:03:26

Жастардың құқықтық санасын арттыру-полицияның түсіндіру жұмысының маңызды міндеттерінің бірі. Петропавл қаласындағы жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде полицейлердің студенттермен кездесуі өтті. Тәртіп сақшылары құтқарушылар мамандығында білім алып жатқан үшінші курс студенттеріне азаматтық қару айналымы саласындағы заңнамалық нормалар туралы айтып берді.

— Бірінші кезекте заңсыз айналымға жол бермеуге назар аударамыз: тіркелмеген қаруды сатып алу, сақтау, тасымалдау, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Құрман Мусин. — Әрбір адам қару тәрізді заттар табылған жағдайда қалай әрекет ету керектігін жақсы білуі керек. Заңсыз сақтау қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, жауапкершіліктен қаруды тек ерікті түрде тапсыру ғана босата алады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы тіркелмеген қаруды ерікті түрде өтеу бойынша акция аясында облыс тұрғындары полицияға 22 бірлік заңсыз сақталған атыс қаруын, оның ішінде 1 бірлік мылтықты алып келді.

Сонымен қатар, тексеру барысында 84 бірлік тіркелмеген қару заңсыз айналымнан алынды. Кінәлі тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі