Демалыс күндері елордалық автобустарға дезинфекциялау жүргізіледі

2021-07-26 06:27:09

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің жұмысы сенбі және жексенбі күндері дезинфекциялық өңдеу жүргізу үшін тоқтатылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

№3 автобус паркінде қоғамдық көліктерді залалсыздандыру жұмысы қалай жүргізілетіні айтылды.

№3 автобус паркі 8 қалалық маршрутқа қызмет көрсетеді, күн сайын желіге 114 автобус шығады.

«Жылжымалы құрамды дезинфекциялық өңдеу күніне бірнеше рет, яғни үзіліс кезінде жүргізіледі. Өңдеу жұмысы адам денсаулығына қауіпсіз 1% хлор ерітіндісімен жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың өсуіне байланысты демалыс күндері автобустар толық өңдеуден өту үшін тоқтайды. Сенбі және жексенбі күндері дезинфекторларымыз автобустарды бірнеше рет ауқымды түрде өңдейді. Мұны жалпы тазарту деп айтуға болады. Дезинфекциялық құралдар жеткілікті мөлшерде сатып алынды», - деді №3 автобус паркінің директоры Нұрбол Ысқақов.

Автопаркте арнайы оқытылған дезинфекторлар жұмыс істейді.

«№3 автобус паркінде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Пандемия басталысымен дезинфекторларға арналған оқудан өттім. Мұнда алты дезинфектор ауысыммен жұмыс істейміз. Автобустар жуылған соң ғана дезинфекцияланады, содан кейін дымқыл тазалау жүргізіледі. Біз тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылар жиі ұстайтын жерлерді сүртеміз. Бір ауысымда орта есеппен 40 автобусты өңдейміз», - деді автопарктің дезинфекторы Әсемгүл Қасенова.

Оның айтуынша, жұмыс күндері әр автобус күніне кемінде екі рет өңделеді. Ал дезинфекциялық өңдеуден өтпеген көлік желіге шығарылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте маска режимін қатаң түрде сақтау талап етіледі. Маскасыз кіруге тыйым салынады. Ал жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратындар саны күн сайын көбейіп келеді. Күн сайын КВИ жұқтырған 1000-нан астам науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары саннормалар мен гигиена ережелерін қатаң сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауы тиіс.

Пандемиямен күресудің жалғыз жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін 325 мыңнан астам адам алды, ал 215 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.


 

Последние новости

26.07.2021
ТЭЦ-3 позволит охватить теплом 6,5 млн квадратных метров жилья в Нур-Султане
26.07.2021
Гороскоп на 26 июля
25.07.2021
Гороскоп на 25 июля
24.07.2021
Пляжный «армагеддон» : чего бояться
24.07.2021
ЦИТАТА ДНЯ
24.07.2021
Гороскоп на 24 июля
23.07.2021
Казахстанцы будут летать в Россию по новым правилам с 25 июля
23.07.2021
Что делать и как помочь при встрече с попрошайкой?