iKomek 109 туралы

21.07.2021
Фото новости

Бүгінде Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз орын болып табылады.

Барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.

Күнделікті 5000-нан астам өтініш келіп түседі. Өтініштерді өңдеу пайызы 99% құрайды.

iKomek орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді барлық байланыс арналары арқылы қабылдайды:

Қалалық әкімдік сайты www.astana.gov.kz

Telegram чат-боты: https://t.me/nursultanikomek109_bot

iKOMEK 109 мобильді қосымшасы (PlayMarket | AppStore)

Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket | AppStore)

109@ikomekastana.kz электрондық мекенжайы

Қалалық және мобильді телефондардан 109 нөміріне тегін қоңырау шалу

2018 жылы аудан, әкімдік аппараты мен басқармалар кеңселеріне келіп түсетін ресми өтініштер саны 20%-ға төмендегені байқалады.

iKomek орталығының қызметтер каталогында 1570-тен астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады.

Тұрғындар өтініштерінің 80% бірінші қоңыраудан жабылады және аталмыш көрсеткішті 85%-ға жеткізу жоспарда бар.

Последние новости