Қызылорда облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 169 адамға жетті

2020-05-12 10:44:53

Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 169 адамға жетті.

12 мамыр 12:30-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 8 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының тұрғындары.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 169 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Последние новости

12.05.2020
ЦИТАТА ДНЯ
12.05.2020
Гороскоп на 12 мая
11.05.2020
ЦИТАТА ДНЯ
11.05.2020
Гороскоп на 11 мая
10.05.2020
ЦИТАТА ДНЯ
10.05.2020
Гороскоп на 10 мая
09.05.2020
ЦИТАТА ДНЯ
09.05.2020
Пока мы живы – мы помним, пока мы помним – мы живы!