Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Covid-19: Соңғы тәулікте 6 дерек тіркелді

Поделиться:
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 204-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
« Соңғы тәулікте жаңадан 6 жағдай анықталды. Оның үшеуі – Көпбейінді қалалық аурухананың қызметкері. Олардан скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Ал, қалған үшеуі - Атырау облысынан вахталық әдіспен жұмыс жасап келген қызметкердің арасынан анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 2966 азамат анықталды. Оның ішінде, 1577-і жақын қарым-қатынаста, 1389-ы жанама байланыста болған.
Өз сөзінде бас дәрігер карантин ережелерінің жеңілдетілуі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру үшін емес, күнделікті қажеттілікті өтеу және экономиканың кейбір салаларының жұмысының алға ілгерілеуі екенін айтты.
Құрметті облыс тұрғындары, денсаулықтарыңызды күтіп, сақ болыңыздар.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также