ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ 11 АВТОБУС БЕРІЛЕДІ

Поделиться:

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ 11 АВТОБУС БЕРІЛЕДІ!
Алматы облысында мектебі жоқ 69 шалғай жатқан елді мекеннен оқушылар тасымалдау үшін 71 жаңа заманауи автобус сатып алынуда. Биылғы жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 940,6 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов брифинг барысында айтты.

Бүгінгі күні жоспарланған автобустардың 61-і сатып алынды. Атап айтқанда, 5-еуі Ақсу ауданына, 10-ы - Еңбекшіқазақ, 5 - Жамбыл, 11 - Іле, 11 - Қарасай, 6 - Кеген, 2 - Райымбек, 10 – Талғар аудандары мен 1-еуі Талдықорған қаласына сатып алынды. Қалған 10 автобус тамыз айының соңына дейін алынады.

- Балаларды тасымалдауға озық үлгідегі, орындықтары жайлы, ішінде камерасы орнатылған, нағыз заманауи автобустарды сатып алдық. Олардың сыртын біркелкі түскен боятып, арнайы логотип салғыздық. Енді бұл жаңа автобустар балалардың игілігіне қызмет ететін болады, - деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также