Кәріз суы сыртқа ағып жатыр

Поделиться:

Редакциямызға Қаскелең қаласы, Іргелі көшесінің тұрғындары хабарласты. Олар үйлеріне көршілес орналасқан фитнес-клуб аумағынан кәріз суларының сыртқа, яғни көшеге ағып жатқанын айтып шағымданды. Бұл біріншіден, жағымсыз иіс, екіншіден, көшеде бала-шағамыз ойнайды, олар үшін де бұл лас су қауіпті деп алаңдап отыр. 

Біз осыған қатысты қаладағы су және кәріз жүйелеріне жауапты "Ж-Каскелең" ЖШС әкімшіліге хабарластық. Олар аталған мекенжайға арнайы мамандарды жіберіп тексеру жұмыстарын жүргізді. "Анықталғандай, бұл жеке аумақта орналасқан кәріз жүйесінен кеткен олқылық. Оған біз жауап бермейміз. Фитнес-клуб өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс", деп жауап берді аталған мекеме басшысы Ж.Бектасов. 

Осыдан кейін біз фитнес-клуб басшысына хабарластық. Ол бұл проблеманың бар екенін және жуық арада кәріз жүйесін қалыпқа келтіремін деп уәде берді. 

 

https://www.instagram.com/tv/CBNGNeNHh3N/?utm_source=ig_web_copy_link 

 

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также