КАЛТАЕВ БАКЫТЖАН БЕКЖАНОВИЧ
18.04.1991 т.ж
Биыл шілде айының 18 күні Үштерек ауылындағы құрылысқа азамат Қалтаев Б. арқылы "А quality" жеке кәсіпкерлігімен пластик және алюминий терезелер қойдыруға келісімге келдім. Келісімшарт бойынша ЖК "а quality" 15 күнтізбелік күнде бүкіл терезе мен 1 дана алюминий есікті жасап, монтаждап беруді мойнына алған. Дегенмен бүгінгі күнге дейін міндетін орындамақ түгілі, телефонға жауап бермей "қашып" жүр. "Вор кз" админы ескерту жасағаннан кейін 28 тамызда өзі іздеп келіп, 8 қыркүйекке дейін толық жұмысты аяқтаймын немесе ақшаны қайтарам деп "уәде" беріп кетіп еді, алайда бүгінге дейін әлі нәтиже жоқ. Келісім құны 2148000₸, жеңілдіктерді есептегенде 2000000₸. Оның 70 пайызын (1400000₸) алдын ала төлем ретінде алып алды. Соңғы сөзі қыркүйектің 18 ақшаны қайтарам дегендей болып еді, телефон соқсам тағы жағдай айтып отыр.