ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады. Оның ішінде 11 млн 129 мыңы немесе 59,0% - қалада, 7 млн 723 мыңы немесе 41,0% ауылда тұрады.
Қазақстан тұрғындарының 9 млн 146 мыңы немесе 48,5% – ерлер болса, 9 млн 706 мыңы немесе 51,5% – әйелдер. «2019 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (62,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында тіркелді», - делінген ақпаратта.
Қазақстан халқының 41% ауылда тұрады – статистика
2021-01-16 08:18:13
Последние новости
16.01.2021
6 өңірде ескерту жарияланды
16.01.2021
Карантин продлили в ВКО
16.01.2021
Гороскоп на 16 января