Демалыс күндері карантин шаралары сақталады
Сәйкесінше, демалыс күндері базар мен сауда үйлерінің жұмысы шектеледі.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев демалыс күндергі тыйым әлі екі аптаға ұзартылатындығын, егер бизнес карантин талаптарын жақсы сақтаса, одан кейін ол алынып тасталатынын айтты.
- Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты. Бизнес кірісі көбінесе демалыс күндері болады. Соған қарамастан біз бұған саналы түрде барып, келісіп отырмыз. Біз бизнестің қаншалықты жауапкершілік танытатынын байқағымыз келеді. Екі аптадан кейін, егер жағдай жақсы болса, біз демалыс күндергі шектеуді жоюды сұраймыз. Бұл - біртіндеп жүзеге асырылатын процесс. Адам денсаулығы - бірінші кезекте, осыны дұрыс түсінуіміз керек, - деді ол.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.