Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті
Балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалып, барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.
Бұдан бөлек, "Елордалық электронды мектеп" электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылған.
Нұр-Сұлтандағы білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуі жоспарлануда. Бұл ретте барлық санитарлық нормалар қатаң сақталады. Педагогтардың 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін шамамен 6 миллиард теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын (шамамен 34,5 мың бала) қамтуға мүмкіндік береді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.