17 тамыздан бастап Қазақстаннан БАӘ, Германия, Беларусь елдеріне әуе рейстері қатынай бастайды
«Министрлік жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп, тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Аталмыш елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу және т.б.) Қазақстанмен әуе байланысты қайта қалпына келтіру қолдайды», - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.
Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты болады.
«Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.