Атырауда қараусыз қалған 1 жасар сәби құдыққа түсіп кеткен
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 11 тамызда сағат 23:15-те болған.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласының маңындағы Ақсай-2 елді мекенінде 1 жасар сәбидің құдыққа құлағаны туралы хабар түсті. Аталған елді мекендегі №23-көшеде орналасқан жеке үйдің аумағында балақай ата-анасының қарауынсыз жүргені анықталды. Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Осыған орай департамент мамандары балаларды үлкендердің қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі жасар сәби 5-ші қабаттан құлап кеткен еді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.