Қызылорда облысында 3 жасар бала өздігімен пойызға мініп кеткен
Көлік полицейлеріне баланың анасы арызданып келген. Ол 2017 жылы туған ұлы Болат Ахмедиярдың темір жол станциясында әжесімен жүріп, із-түссіз жоғалғанын айтыпты. Артынша анықталғаны, бала жолаушылар пойызына мініп кеткен.
«Пойыз Жалағаш станциясына келгенде полицейлер оны түсіріп алып, анасы келгенше қарауына алды. Кейін ата-анасына тапсырды және олармен профилактикалық жұмыс жүргізілді», - делінген полиция таратқан хабарламада.
Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда станциясының желілік полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері елеусіз қалатын нысандарды, адамдар көп жиналатын орындарды, вокзалға жақын ғимараттарды және пойыз вагондарын тексерді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.