Шілде айынан бері ауруханалардағы жатын орындар 60% босады
, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шілде айының басынан бері карантиннің 5 аптасында ауруханалардағы жатын орындар 60%-ға босады, оның ішінде жансақтау бөліміндегі орындар 58%-ға дейін босап отыр. Жедел жәрдем қызметіне хабарласу көрсеткіші де айтарлықтай азайған. Мәселен, коронавирус бойынша 68%-ға төмендеген. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастар саны – 73%-ға өсті, - деді Бағдат Қожахметов.
Министрліктің ресми өкілінің мәлімдеуінше, жалпы Қазақстанда ауру түрлері мен өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда оң нәтижелі болып тұр.
Тағы бір қуантарлық жайт – бала туу көрсеткішінің өсімі байқалады және керісінше нәрестелер өлімі 13,3%-ға төмендеген. Сондай-ақ, Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 20%-ға азайған, - деді ол.
Бағдат Қожахметов бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтатылғанын айтқан болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.