Қостанай облысында синтетикалық есірткі сатқан ер адам ұсталды
4 тамызда 28 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірті сатты деген күдікке ілінді. Ер адамды тексеру барысында одан 97 zip-пакетик анықталды. Күдікті ескірткіні скутерде ғана емес, пәтерде де сақтаған.
Рудный қаласы полиция департаментінің есірткімен күрес бөлімінің басшысы Жантас Кучербаевтың айтуынша, есірткі сақталған орындардан полиция құрамында бутан қышқылы метил эфирі бар психотропты заттарды тәркілеген.
Тәртіп сақшыларының болжамынша, қара нарықтағы бұл есірткінің құны 1 миллион теңге. Күдікті психотропты заттарды әлеуметтік желі арқылы сатпақшы болған.
Полиция бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.