Биыл Қазақстанда қандай автомобиль жолдары пайдалануға беріледі

2020-08-05 15:00:43
Биыл Қазақстанда қандай автомобиль жолдары пайдалануға берілетіндігі туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды. 2020 жылдың соңына дейін Қазақстанда жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автожол учаскелерінде қозғалысты ашу жоспарланған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Жобаларды уақытылы іске асыру мақсатында барлық дайындық жұмыстары орындалды, қажетті материалдар дайындалып, жеткілікті мөлшерде техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, 10 мың бірлік техника, 81 асфальт-бетон зауыты (АБЗ), 79 бірлік ұнтақтау және сұрыптау құрылғысы жұмылдырылды», - деді бүгінгі брифингте автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов.

2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін жолдар:

- Талдықорған-Өскемен (763 км) - 763 км;
- Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (1056 км) - 645 км
(Қарағанды-Балқаш 363 км, Балқаш-Күрті 282 км);
- Ақтөбе–Атырау-Астрахань ( 725 км) - 279 км
(Атырау-Астрахань 60 км, Қандыағаш-Мақат 219 км);
- Қалбатау-Майқапшағай (415 км) - 415 км;
- Меркі-Бурылбайтал – (266 км) - 266 км;
- Үшарал-Достық (184 км) - 60 км;
- Ұзынағаш-Отар – (96 км) - 56 км;
- Көкшетау-Петропавл-Қорған (260 км) -67 км
(Петропавл-Қорған 60 км, Көкшетау қаласына кіреберісі 7 км);
- Қостанай-Денисовка (114 км) - 60 км (Рудный-Денисовка)