Денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді - Цой

2020-08-04 07:00:45
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда 3 тамыздағы жағдай бойынша 93 820 науқас тіркелді, оның ішінде 27 597 науқас емделіп жатыр. Ал 65 132 науқас сауығып шығып, 1091 науқас көз жұмды. Республика бойынша науқастардың тіркелуі өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға төмендеді. Карантиннің 4 аптасында кереуеттерді пайдалану 55 пайызға, жансақтау орындарын пайдалану 36 пайызға төмендеді. Сауығып шыққандар саны 64,6 пайызға артты. Коронавирус жағдайына қатысты жедел жәрдем қызметін шақыру 40 пайызға төмендеді, - деді ол.

Цой айтқандай, инфекцияның репродуктивтілігі 1,2 пайыздан 0,89 пайызға дейін төмендеген.

Осылайша, денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендеді. Қатаң карантин шаралары енгізілгенге дейін репродукция көрсеткіші 1,2 -ні көрсеткен. Карантин енгізілгелі екі аптадан соң репродукция көрсеткішінің тұрақты төмендеу қарқыны байқалды. 23 шілдеден бастап репродукция тұрақты түрде төмендеді, 4 шілдеде бұл көрсеткіш 0,89-ға дейін төмендеді. Бұл енгізілген карантиннің тиімділігін көрсетіп отыр, - деді ол.

Министр атап өткендей, репродукция көрсеткіші Ақмола,Қостанай облыстарынан басқасында 1-ден асқан жоқ.

Статистиканы 1 тамыздан бастап қайта қарау негізінде денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы 10 күнінде репродукцияның көрсеткішін қайта қаралып, өңірлердегі жағдайды бақылауды жалғасын табады. Маска тағу талабы әрбір қазақстандықты қамтыды. Маска тағудың тимділігі бойынша халықаралық тәжірибесі зерделенді, - деді ол.

 

Последние новости

04.08.2020
Что известно о скончавшихся от коронавируса в Казахстане
04.08.2020
Елімізде өткен тәулікте 1158 адам вирус жұқтырған
04.08.2020
1158 человек заболели коронавирусом в Казахстане
04.08.2020
4 тамыз күнгі ауа райы болжамы
04.08.2020
Прогноз погоды на 4 августа
04.08.2020
Гороскоп на 4 августа
03.08.2020
8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полицей қызметкері іздеген
03.08.2020
4-летняя девочка выпала из окна в Костанае