Статистиканың қосылуына байланысты карантин созыла ма – ДСМ жауабы

Поделиться:
Елімізде коронавирус жұқтырған науқастар мен коронавирустық пневмонияға шалдыққандардың статистикасы тамыз айынан бастап бірге есептеледі. Яғни, COVID-19 статистикасы күрт өзгеруі мүмкін. Осыған орай карантиндік шектеулер мерзімі тағы өзгеруі мүмкін бе деген сауалға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды AzattyqRyhy.kz.

«Карантинді ұзарту туралы шешім жан-жақты таразыдан өтіп барып қабылданады. Біз үшін аурулар санының өсуі немесе төмендеу динамикасы маңызды. Осы екі апта ішінде біз мәліметтерді бақылауда ұстаймыз. Егер, аурудың таралуы деңгейі азайса, карантинді жеңілдету туралы жоспар бар», - деді Цой.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Мәселен, маусым айында ел бойынша ауруханалар толып кетсе, қазір екі мыңға тарта төсек-орын босаған.

Еске салайық, 2 тамызда Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 1069 адам тіркелді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также