"Бәйтерек" монументінің авторы қайтыс болды

2020-07-30 07:00:48
29 шілде күні Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт құрметті сәулетшінің жақындарына көңіл айтты.

Рустембеков "Астана-Байтерек" монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш Президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.

"Астана-Байтерек" нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында гран-при мен Алтын медаль берді.

Ақмырза Исаұлы Рүстембеков - 1956 жылы 15 ақпанда Ақмола облысының Қорғалжын кентінде туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітіргөн (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі.

ҚР БАҚ-да және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы.

"Мұнара түріндегі ғимарат" авторлық куәлігі бар (2003). 1980 жылдан - "Гипворуз" ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары. 1990 жылдан - шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі. 1996 жылдан - ҚР Сәулетшілер одағының вице- президенті, 2000 жылдан бері - президенті. 2001-2003 жылдары - Халықаралық ТМД Сәулетшілер одағы ассоциациясының вице-президенті.