Қарағанды облысында табиғаттың тосын құбылысы видеоға түсіп қалды

2020-07-29 13:00:40
Қарағанды облысында ауыл тұрғындары табиғаттың тосын құбылысын видеоға түсіріп алды. Онда аспандағы ұзыннан-ұзын сопақ бұлттар қаз-қатар тізіліп тұр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Қазгидрометтің мамандары осы бір ерекше құбылыстың себебін түсіндірді.

Видеода сопақ бұлттар бірнеше шақырымға созылады. Автордың сөзіне қарағанда, видео Қарағанды облысының Жәйрем ауылында түсірілген.
Қазгидромет мамандары видеоның Қарағанды облысында түсірілгенін растады. Ондай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталады.

 

Последние новости