Ақмолада жемқорлық фактілері туралы хабарлағандар 1 500 000 теңгеден астам сыйақы алды

2020-07-29 07:00:52
2020 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлға ынталандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша тұрақты негізде оларды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюға және алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдауда.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынулар енгізіледі.

Биылғы жылдың 1 жартыжылдығында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осындай 64 ұсыныс енгізді. Оларды қарау бойынша өткізілген кездесулерге 500-ден астам мемлекеттік қызметші мен түрлі ұйымдардың қызметкері қатысты.

Қаралған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-еуі жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында - 16 басшы болғанын айта кету қажет, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлға ынталандырды. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі болып табылады.

Айта кету керек, елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік органдардың онлайн-форматқа көшуіне байланысты қазіргі таңда ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсынуларды қарау коммуникацияның техникалық құралдары арқылы онлайн-режимде жүргізіледі.

Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Агенттіктің Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Оның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдау.