Денис Теннің ісін қараған судья қайтыс болды

2020-07-28 13:00:47
Алматыда мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кеңшілік Әбделдинов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің ісін қараған болатын.


Алматы қаласының соты бұл ақпаратты растады. Баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынның айтуынша, Кеңшілік Әбделдинов түнде көз жұмған.