Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді
Ел ішінде COVID-19 таралуын тоқтату үшін еңбек етіп жатқан дәрігерлердің денсаулығын қорғайтын құралдар жіберіледі. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша агенттігі атынан берілді.
"Коронавируспен күрес дүние жүзі бойынша өзекті проблема болып отыр және бізге мұндай қиын кезде достарымызды қолдаудың маңызы зор", - деді Израиль елшісі Лиат Вексельман.
Сонымен қатар, Израиль COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу бойынша қазақстандық тарапты қолдайды. Израиль дәрігерлері қазақстандық әріптестерімен видеоконференция арқылы байлынысқа шығып, кеңес беріп жатыр.
"Біз медицина және басқа да бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - деп қосты елші.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.