Қызылорда облысына қосымша 200 оттегі концентраторы жеткізіледі

2020-07-24 13:00:49
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын қадағалау үшін арнайы іссапармен Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Облыс әкімдігі ғимаратында өткен мәжіліс барысында «СҚ-Фармация» басшысына облыстың медициналық мекемелерін бір айға жететін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ерекше тапсырылды.

Сондай-ақ бір апта ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары облыс мекемелеріне тағы да қосымша жеткізілетін болады. Одан бөлек, 26 шілде күні облысқа қосымша қажетті 200 оттегі концентраторы жеткізіледі. Бұл – жалпы облыс қажеттілігін толықтай қамтуға жеткілікті.

Ералы Тоғжанов коронавирус індетінің одан ары таралмауы және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жергілікті халықтың санитарлық нормаларды сақтауына да байланысты екенін атап өтті.

«Күні кеше облыстың кей аудандарында той мен жиындар өткізілген. Дәрі-дәрмекпен, қажетті медициналық көмекпен мемлекет сөзсіз қамтамасыз етуде. Алайда, індеттің таралмауы мемлекеттің ғана қолында емес, бұл істе халықтың да жауапкершілігі мол», - деді Е. Тоғжанов.