Ләйлә Сұлтанқызы: Бізге вирусты жұқтырған – ҰЯТ.

2020-07-24 09:00:51
Бізге вирусты жұқтырған – #ҰЯТ. Бізді ауыртқан #ұят. Статистиканың бірінші орынға көтерілуіне себепші болған – тағы да #ұят.


Басқа ұлтта біздегідей дәстүр жоқ. Бала дүниеге келсе – жиын, мереке. 40 күнге толса – қырқынан шығару, бесік той, 1 жас, тәукесер, сүндет той, тілашар...жалғаса береді, жалғаса береді...

29 мамырға дейін елде бәрі жақсы еді. Ауырғандар саны аз, бәрі үйде. Бірақ, карантин бітті. Ресторан, СО, дүкен, бәрі ашылды. Той жасауға тағы мүмкіндік туды. Иә, бізде дүркіретіп той жасамасаң, ел-жұрттан ұят. ????????‍♀️

Екінші үлкен ұят - бұл біреудің қуанышына ортақтаспау. Тойдан қалу. Әр үйден, ең болмаса, бір адам баруы міндетті. Оның үстіне, кезінде өткізгені бар.

Үшінші ұят – симптомдар пайда бола бастағанда біреуге жұқтырдым не ауырдым деп айту ұят.

Төртінші ұят – бұл барлық іс-шараларға тыйым салатын біздің бақылаушы органдардың қатаң талап қоймауы. Неге? Себебі оның да туысы бар. Ол туысының қуанышы бар. Бәрін қойып, Ақтау, Бурабай және т.б. жағалауындағы демалушылардың санын айтыңыз. Оларға бәрібір. Жаз ба, демалу керек.

Міне, біздің Германиядан айырмашылығымыз. Неміс отбасының іс-шараға жиналуына 10 есе аз себеп бар, адамдары 10 есе аз.

Ең өкініштісі, ешқандай жиынға бармай, #контактник болып, жұқтырғандарды аяймын. Себебі, ол ұяты бар адаммен байланыста болды.

Пікір иесі: @rakhimbaevaidyn
Қысқаша аударған: мен

Енді сіздерге сұрақ. Не істеу/нені істемеу сізге ұят?

Ләйлә Сұлтанқызының желідегі жазбасы