Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады

2020-07-23 15:00:42
Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Ереже бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқанын атап өтті. Жолшыбай бәріне танымал болған Көбейтұзға соғуды ұйғарған.

"Әрине, менің әрекетім дұрыс болған. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым", - деді жүргізуші.

Еске салайық, Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі елорда мен облыс тұрғындары үшін ерекше орынға айналды. Олар әдемі көлде суретке түсіп, фотосын әлеуметтік желіге жарыса салды. Тұрғындар арасында көлден тұз тасып, сатқандар да кездесті. Полиция оларды анықтады.