Тоқаев қазақстандықтардың демалыс орындарындағы "жаппай мәдениетсіздігіне" алаңдады

2020-07-22 07:01:00
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне зиял келтіргендердің ісіне алаңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды.

Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - деп жазды Тоқаев.

Еске салайық, осы жазда елордалықтар мен облыс тұрғындары үшін Көбейтұз көлі сүйікті демалыс орнына айналды. Ол жақта түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайдаланушыларды таңғалдырды