Тоқаевтың кеңесшісі 2 миллионға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты
Экономист Facebook парақшасындағы жазбасында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус статистикасына сенімді қайтару үшін алғашқы қадамды жасағанын атап өтті. Ол сондай-ақ індетке қатысты өз есебін жариялады.
"Қазір коронавирус жұқтырғандардың ресми статистикасы 67 мыңды көрсетіп отыр, ал пневмониямен ауыратындар саны – 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер пневмонияның таза өсімін алсақ, онда ол шамамен 163 мыңға жуықтайды. Жалпы 67 + 163 = 230 мың адам коронавируспен ауырған. Бұл минимум", - деп жазды Құдайбергенов.
Оның айтуынша, егер өсімді емес, тұтас көрсеткішті алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың адам (коронавирус 67 мың + пневмония 234 мың) коронавируспен ауырған және жазылған деуге болады.
"Бұл жерде ПТР-тестілеуден өткен, ауруханаға өздері барған адамдарды айтып отырмыз. Әрине, үйінде емделген адамдар бар, бірақ оларға қатысты қандай сан шығатыны әзірге белгісіз. Ауруханаға індеттің белгілері бар науқастар хабарласқанын, ал 85%-і симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллионға жуық қазақстандық жазылған немесе ауырып жатыр", - деп болжады Олжас Құдайбергенов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмонияның статистикасы бірге есептелетінін мәлімдеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.