Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Алматы хайуанаттар бағының ветеринарларымен бірлесіп Ақтау қаласының әуежайына барды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініңбаспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады AzattyqRuhy.kz.
«Симба» лақап атын иеленген Арыстан бүгін Алматы қаласына жеткізіледі. Оның жағдайы жақсы. Арнайы жәшікке орналастырылды», - делінген хабарламада.
Арыстанды тасымалдау «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жабайы жануарларды көшіру орталығының күшімен жүзеге асырылады. Орталық қызметкерлері аңға арналған ыңғайлы жәшік жасаған.
Еске салсақ, арыстан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылынан табылған еді. Жыртқыш бір жарым жаста. Адамдардан қорықпайды. Соған қарағанда, ол қолда өскен болуы мүмкін.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии