Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты өндірісі жолға қойылуы мүмкін
«COVID-19 індетінің жаппай таралуы аясында денсаулық сақтау органдары қосымша 3-4 мың ӨЖЖ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл аппараттардың сериялық өндірісі 2020 жылдың сәуірінде Түркияда іске қосылды. Бүгінгі таңда Biyovent ӨЖЖ аппараттары Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жұқпалы аурулар орталығына сынақ жүргізу үшін ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өндірісті оқшаулау туралы шешім қабылданады», - деп атап өтті «Kazakh invest» компаниясының № 2 жобалармен жұмыс департаменті жобасының жетекшісі Әмір Ахметов.
Мамандар атап өткендей, Biosys – Түркиядағы биомедициналық жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші компания. ӨЖЖ Түркия кәсіпорындарының тек ішкі өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірленген және өндірілген. Бұл аппарат - Түркияның Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің және Билкент технопаркінің көмегімен жасалған 5 жылдық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі.
Biyovent ӨЖЖ құрылғы әртүрлі пациенттерге арналған (неонаталды, балалар, ересек). Аппаратты қысқа мерзім ішінде 100-ге жуық инженердің қатысуымен ASELSAN, Bilkent, Biosys, Arçelik түрік компанияларының консорциумы әзірледі.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.