Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті полицияның жұмысына өкпелі. Өйткені, 27 жасар інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмай жүр. Әділдік іздеген жігіт ағасы ішкі істер министрі мен бас прокурордан көмек сұрап отыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Жергілікті қылмыс әлемінің серкелері жиналып, Әуезханның қол-аяғын байлап, аяусыз соққыға жықты", - дейді Болат Баймұрзаев.
Бұл жағдай биыл мамырда болған. Шағымданушының айтуынша, марқұм тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған. Мұны қыздың әкесі біліп қалып, жергілікті қылмыс әлемінің серкелерін шақыртыпты. Сөйтіп, Әуезхан соққыға жығылған. Марқұм ауруханада төрт күн ес-түссіз жатып көз жұмыпты.
"Барған кезімде бетін қан жуып кеткені соншалықты, түрі көрінбеді. Бірақ есін біліп жатты. Көзімше ұрды. Олар алты адам болды. Оған ешқандай көмек бере алмадым", - дейді марқұмның ағасы.
Полиция төбелеске қатысы бар екі күдіктіні ұстапты. Қалған төртеуі куәгерге айналған. Арызданушы інісімен байланыста болған келіншек пен оның әкесін де жауапқа тарту керек, деп отыр.
"Сарыағаш қаласының АІІБ-нің полиция қызметкерлері бұл істі бұрмалап жатыр. Інімнің сол жақ иығында пышақ ізі болды. Сараптамада олардың ешқайсысы көрсетілмеген", - дейді ол.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии