Ақтөбе облысында медбике мен төрт медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Ақтөбе облысы бойынша, өкінішке қарай, бізде бір медбике мен әртүрлі деңгейдегі төрт медициналық қызметкер қайтыс болды. Пневмониядан көз жұмған", - деді Оразалин брифингте.
Оның айтуынша, қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді.
"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болу бойынша өтемақы төлеу мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін шешілетін болады", - деп түсіндірді ол.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии