Қостанай облысында алдағы 3 күнге локдаун режимі енгізілді
Қостанай облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 11 шілдесі сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 13 шілдесі сағат 00:00-ге дейін облыс территориясында локдаун тәртібі қабылданады. Шектеу шаралары туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.
Сонымен, алдағы 3 күнде тұрғындарға үйден жұмысқа және саяжайға баруға, ем алуға, дәрі-дәрмек, азық-түлік сатып алуға, қоқыс төгуге шығуға ғана рұқсат етіледі.
«Қоғамдық көлік жұмысына (жергілікті әкімдіктер бекіткен саяжай автобустарынан басқа) тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық сауда объектілерінің қызметі тоқтатылады. Азық-түлік сататын сауда нысандары жұмыс істейді. Барлық сауда базарларының қызметіне уақытша тыйым салынды.
Скверлер, саябақтар, жағажайлар және демалыс базаларының жұмысы тоқтатылады. Осы қаулы күшіне 2020 жылғы 11 шілде 00:00 сағаттан бастап енеді», - деді Ю. Севостьянов.
Айта кетейік, кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуалды баяндаған болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.