Елордада карантинге қарамастан кафелер мен караоке-клубтар жұмыс істеген
Тәртіп сақшыларына 27 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, Желтоқсан көшесіндегі дәмхананың алдында белгісіз біреу оны ұрып-соққан. Оқиға орнына келген полицейлер аталған кафенің карантинде түнгі уақытта жұмыс істегенін анықтады.
Сонымен қатар, Бейбітшілік көшесіндегі караоке-клубтың да түні бойы таңға дейін клиент қабылдағаны белгілі болып отыр. Аталған орталықта да таңғы бес шамасында төбелес болып, жәбірленген клиенттердің бірі полицияға арызданған. Тексеру барысында анықталғаны, караоке иесі есікті іштен жауып алып жұмыс істеген. Клиенттерді ол тек алдын ала қоңырау бойынша ғана қабылдаған.
Екі жайт бойынша да әкімшілік кодекстің 425-бабымен хаттама толтырылып, іс Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.