Қазақстандағы жаңа карантин: 42 500 теңге төлем беріле ме
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен о нлайн баспасөз мәслихатында 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойылды. Вице-премьер төтенше жағдай болмағандықтан, бұл төлемге заңнамалық негіз жоқ екенін атап өтті.
«42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлеу жасай алмаймыз дейді. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем жасала ма?», - деп сұралды.
«Бұл - төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деді Е. Тоғжанов.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.