Қазақстан даласына 4,2 мыңға жуық жек-дуадақ жіберілді
Жұмыстар Жек-дуадақты қорғау халықаралық қорымен бірлесіп атқарылған. Жек-дуадақтың 3236-ы Біріккен Араб Әмірліктерінің, ал 924-і Қазақстанның тәлімбақтарында (Түркістан облысы) өсірілген.
«Құстар Алматы, Маңғыстау, Түркістан мен Қызылорда облысының аумағына жіберілді.
Жалпы 2009-2019 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 20 489 жек-дуадақ жіберілген. Практикалық бақылауға қарағанда олардың 50 пайызы тіршілікке бейімделіп кете алады», - деп жазады Сәкен Ділдахмет. Жалпы жек-дуадақтар 2009 жылдан бері қазақ даласына жіберіліп келеді. Азия популяциясының құстары осындағы жағдайға бейімделіп, күздігүні қысты өткізу үшін ұшып кетеді. Жылы жақтан оралғаннан кейін көктемде қайтып келіп, осында балапандайды. Құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың жойылып кету қаупі бар.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.