Самарқандта екі басты егіздер дүниеге келді
«Қазір олар медициналық орталықтың терапия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Қос сәбидің тынысы тарылып, жүрегінде ақау бары анықталды. Жаңа туған қыз балалар әлемде өте сирек кездесетін сиам егіздерінің дицефалды түріне жатады»,- дейді дәрігерлер.
Олардың денесі, жүрегі, асқазаны, жатыры бір. Сонымен бірге екі қолмен және екі аяқпен дүниеге келген. Мұндай патология 2 жүз мың шақалақтың біреуінде ғана кездеседі екен.
«Біз ұрықтың ақауын жүктіліктің 21-аптасында аңғардық. Бұл туралы әке-шешесін ескертіп қойғанбыз. Жалпы мұндай патологияның бірнеше себебі бар. Мысалы, жақын туыстар арасындағы некеден, бала көтеретін жастан өткеннен кейін босанудан, радиациялық зақымнан, экологияның нашарлануынан сиам егіздері тууы мүмкін»,- мамандар.
Айта кетейік, жүктілік кезінде аналарының жатырында ауытқушылық бары 21-ші аптада белгілі болған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.