"Жусан" операциясы. 144 әйел зайырлы өмір салтына оралды
Министрліктің ендігі үлкен жауапты саласы – дін саласы. Бұл бағытта біздің алдымызда 3 өзара байланысты міндет тұр. Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау, - деді министр.
Министр осыларды іске асыру бойынша келесі бағыттарда жұмыс істеліп жатқанын айтты.
Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Осылайша өткен 2019 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен 3 милиондай адамды қамтыған 50 мыңнан астам іс-шара өтті. Дін саласындағы проблемалық сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында 300 адамнан тұратын білікті лекторлар пулы құрылды, - деді министр.
Балаева айтиып өткендей, осы жылы бұл топтардағы мамандардың санын 500-ге дейін арттырып, 1200 лекторларды қайта даярлықтан өткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, «Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйел-азаматшаларымызбен мақсатты түрде жұмыс жүргізгеннің арқасында 144 әйел радикалды ойларынан қайтып, олардың біразы зайырлы өмір салтына өтті.Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек. Сондықтан да, 2019 жылы 5300-ден аса интернет-ресурстары сарапталып, оның 3200-нен заңға қайшы матриалдар анықталды. Олардың барлығы дер кезінде бұғатталды, - деді ол.
Министр атағандай, бұл саладағы ең маңыздысы – халықтың радикалды ағымдарға қарсы имунитетін қалыптастырып, елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.