Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8%-ға дейін қысқарды

2020-06-29 07:00:43
Биыл бірінші тоқсанда елімізде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны 78,9 мың адамды құраған деп жазады Finprom.kz.

Бұл – елдегі жалпы жұмыссыздардың 17,8 пайызы. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық 5,8 пайызға дейін қысқарып, 3,8 пайыздық көрсеткішке жетіп отыр.

Жұмыссыз жастардың көбі халқы тығыз орналасқан өңірлерде. Мәселен, ең көбі Алматыда тіркелген – 15,7 мың адам. Екінші орында Алматы облысы – 7,7 мың, үшінші орында түркістан облысы – 6,4 мың адам (15-28 жас аралығында) жұмыссыз ретінде тіркелген.

Ал, 2020 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс істейтін жастардың саны 2 миллион адамды құрады. Бұл өткен жылдың омсы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға аз (былтыр 2,1 млн адам болған). Жұмыссыз қалған жастардың көбі Жамбыл (-22,4%), Шығыс Қазақстан (-13,9%) және Ақтөбе (-11,3%) облыстарында тіркелді.

Жұмыс істейтін жастардың көбі Алматы облысында – 247,7 мың адам. Екінші орында Алматы – 245,8 мың, үшінші орында Түркістан облысы – 175,5 мың адам.

Қазақстандағы жастардың көбі (365,9 мың адам немесе 18,1%) сауда-саттық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында – 241,9 мың, білім беру саласында – 232,7 мың жас еңбек етіп жүр.