Атырауда індет жұқтырғандардың көбі той мен садақаға барғандар
Брифингтен кейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулы шықты. Әзірге 27-28 маусымда демалыс күндеріне ғана күшейту енгізілмек.
«Шараларды күшейту үшін барлық көрсетілім бар. Соңғы тәуліктерде вирус жұқтырған 400 науқас анықталды, оның 257-сі – профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Бұлар - негізінен мұнай кәсіпорындарының жұмысшылары. Екінші себебі – Атырауда өздері жүгінген адамдар саны көбеюде. Өкінішке орай, көп адам инфекцияның бар екеніне сенбей, оқшаулау ережесін сақтамады, жасырын түрде той-топыр мен садақалар жасауды жалғастырып жатыр.
Эпидемиологиялық тергеу жүргізген кезде науқастардан қай жерге бардыңыз, кіммен қарым-қатынаста болдыңыз деп сұрасақ, әдетте, садақаға немесе тойға барып едім деп айтып жатады. Маска тағып, қашықтық сақтап, антисептикті қолданып, барынша үйде отырыңыздар дегім келеді», - дейді Қ.Аманжолова.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.