Ресейде Жеңіс парады басталды
Басқа көптеген қалаларда да өзге форматтағы мерекелік шаралар, соның ішінде салтанатты шерулер өткізілуде. Кейбір өңірлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік шеру өткізуден бас тартқан немесе парадты көрерменсіз өткізу шешімін қабылдаған.
Мәскеуге Екінші дүниежүзілік соғыстасы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін шетелдік мемлекеттердің көшбасшылары келіп жатыр. Ресей астанасына Абхазия президенті Аслан Бжания, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналды, сондай-ақ Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибиловтің келуі күтілуде.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.