Өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерден сәбиді құтқарды

2020-06-18 15:00:44
Қостанайда жанып жатқан пәтерден өрт сөндірушілер бір сәбиді, 12 адамды, оның ішінде төрт жасөспірім баланы құтқарған, деп хабарлады zakon.kz.

Тілсіз жаудан өрт сөндіруші қызметкері сәбиді аман алып шыққан. Сол сәт таспаланған сурет, желілерде лезде тарап, «бүгінгі күннің суреті» немесе «бүгінгі күннің батыры» деген желі қолданушылары ыстық ықыластарын білдірген.

Бүгін 101 пультіне Чкалов көшесінің 7 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру қызметі келген кезде пәтердің 15кв.м. өртке оранып үлгерген.

Өрт сөндіру қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын анықталуда. Мамандар тұрғындарға өрттің алдын-алудағы кеңестеріне құлақ асуын ескерткен»,-деп хабарлайды Қостанай қалалық ТЖД баспасөз қызметі.