Жергілікті әкімдіктерге халықты ПТР тестілеумен қамту тапсырылды

2020-06-18 13:00:52
Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы Асқар Мамин мына мәселелерді пысықтауды тапсырды: - медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР

-тестілеумен қамтуды кеңейту;

- ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

- меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

- үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен); - халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралған болатын.

Кеше Президент Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деген еді.