Instagram-дағы temirtau.tayday тобында автобус еденінде құлап жатқан ұсталған ер адамның видеосы жарияланған. Ол пышақпен шабуылдаған адамды балағаттап, қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Одан кейін оны полиция қызметкерлері қолын қайырып, патрульдік көлікке салады.
"Бүгін, 2020 жылдың 17 маусымында шамамен сағат 17:15 шамасында қоғамдық көлік салонында ер адам белгісіз жас жігітке пышақ ала жүгірді, бірақ жолаушылардың қырағылығының арқасында қаскөй залалсыздандырылды. Сол оқиғаның қақ ортасында болып, қаскөйдің қолындағы пышақты жұлып алып, лақтырып жіберген адамға ерекше алғыс білдіреміз. Одан кейін мінез көрсеткен адамды автобустағы жолаушылар қолдарын қайырып, еденге жатқызып қойып, полиция шақырған. Оларға тез келіп, қылмыскерді полиция бөлімшесіне алып кетті", - деп жазды автор.
Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз: