«Нұр-Сұлтанда дәрігерлер мен орындар бәріне бірдей жетпейді» – Сәуле Қисықова
«Егер қала тұрғындары немқұрайлылық танытса, дәрігерлер мен төсек-орындар жеткіліксіз болады. Қалалық медицина ұйымдарында 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны – 1 миллион 200 мың адам. Санитарлық нормалардың сақталмауы салдарынан жаппай індет тараған жағдайда, бәріне дер кезінде көмек көрсетілмейді. Егер бұрын бізде бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға шамамен 170 мың тест өткізілді, қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді»,– деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Зертханаға өте үлкен жүктеме түсуде. Тек симптомдары бар және науқастармен жақын байланыста болған адамдар ғана тест тапсыруы керек. Тесттердің жетіспеушілігіне және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ деп атап өтті басқарма басшысы.
«Зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырды. Олар күндіз-түні, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адамдар, робот емес. Олар әрқашан вирус ошағында жүр», - деді Сәуле Қисықова.
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР-сынақтары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, СOVID-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек-орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.