Нұр-Сұлтанда 20-дан аса вирусолог COVID-19 жұқтырған
"Зертханада жұмыс істейтін 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адам, робот емес", - деді Қисықова.
Сондай-ақ, басқарма басшысы елордада коронавирусты анықтауға арналған тест пен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Соңғы 3 күнде орта есеппен 150-ден аса адам коронавирус инфекциясы жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Олардың 50 пайызы - індеттің белгілері жоқ түрімен ауратындар. Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем қызметін шақыру саны 3500-ден 3700-ге жетті. 2 000-нан астам қоңырау соғылды. Тек қана соңғы тәулік ішінде коронавирус инфекциясы бойынша қоңырау соғушылардың саны 427-ге жетті. Яғни қоңырау саны 8-ге өсті", - деді басшы.
Айта кетейік, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 15 552-ге жетті. 2 647 адам аурудан жазылса, 88 науқас көз жұмды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.